Алматыда ШЫҰ университетінің алғашқы түлектеріне дипломдар тапсырылды

АЛМАТЫ. 16 ШЫҰ университеті - бұл әріптестіктің мүлде жаңа жолдарын әзірлеу үрдісіне жағдай жасайтын әлемдік білім беру кеңістігіне ұйымға мүше елдердің ЖОО-ларын интеграциялаудың  инновациялық формасы.Бұл туралы бүгін Алматыда Шанхай Ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) университетінің білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алған ҚазҰТУ және басқа да серіктес ЖОО-ның түлектеріне дипломдарды тапсыру кезінде Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың халықаралық «Excellence PolyTech»  жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Айдарова мәлімдеді.

«Бұл - ұйымға мүше-елдердің 60-тан астам алдыңғы қатарлы ЖОО-ларын қамтитын жаңа типті желілік университет. Оның мақсаты - ұйым жүзеге асыратын әр түрлі халықаралық, негізінен инновациялық жобаларда жұмыс жасайтын мамандарды дайындау», - деп атап өтті С. Айдарова.

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры Сәрсенбек Жүсіпбеков ШЫҰ университетінің магистр-түлектеріне дипломдарды тапсырып, оларды өмірлеріндегі осы ерекше күндерімен құттықтады.  Оның айтуынша, білім - ШЫҰ шеңберінде елдер әріптестігінің басым салаларының бірі. ШЫҰ университетінің құрылуы осы ірі халықаралық ұйымға мүше-мемлекеттердің білім беру жүйесін интеграциялауға негізделген Еуразия аумағында ең ауқымды білім беру жобасын іске асыруға бағытталған.

ҚазҰТУ «Нанотехнология»  бағыты бойынша үйлестіруші ЖОО болып табылады және «IТ-технология», «Экология», «Энергетика», «Экономика» бағыттары бойынша ШЫҰ университеті бағдарламаларын табысты іске асыруда. ШЫҰ университетінің арқасында ҚазҰТУ магистранттары бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша РФ-тың үздік ЖОО-ларында білім алып, екі бірдей диплом ала алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе