АҚШ елшілігі «ТехФорум-Орталық Азияға» өтініштер қабылдау мерзімін ұзартты

АЛМАТЫ. 23 сәҚазақстандағы АҚШ елшілігі, Азаматтық альянс және ҚМЭБИ университеті Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары үшін«ТехФорум - Орталық Азияға» (TFCA) халықаралық форумына қатысуға өтініштер қабылдау мерзімін 7 мамырға дейін ұзартты.

Ол 14-16 маусымда Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономикка және болжам институында өтетін технологияны қоғамның игілігіне пайдалануды мақсат тұтатын жастардың халықаралық жиыны. Оған  Орталық Азияның бес елінен және Пәкістан мен Ауғанстаннан 100-ге жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр.  Форумда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер, білім саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер және әлеуметтік желі мамандары.  Интерактивті тренинг және байланыс орнату форумында арзан бағалы немесе тегін технологияларды қоғамды жетілдіру мақсатына пайдаланудың жолдарын талқыланатын  болады.

Екі күндік шара барысында Coin-a-Chance-тің негізін қалаушы индонезиялық Хэнни Кусумавати коммуникациялық стратегияны қалыптастыру, түрлі шараларды насихаттау, жылу жинау тақырыптарын қозғайды. Пәкістандық Урудж Зия сандық әдістермен баяндауды үйретеді. Сондай-ақ  Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үздік PR компанияларының бірі саналатын Maverick-тің негізін қалаушысы әрі басшысы Онг Хок Чуан, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын Invest2Innovate компаниясының негізін қалаушы Калсум Лахани (АҚШ), Орталық Азиядағы ең ірі блог-тұғырнама - YVision-нің негізін қалаушылардың бірі Стас Игнатов (Қазақстан) арнайы баяндамалар  жасамақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе