Ділмар студенттер республикалық пікірсайыс турнирінде бас қосты

АСТАНА. 1 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 55 жылдығына орай «КazATU OPEN» I Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.Турнирге қатысқан 56 команданың 52-сі Астанадан өзге аймақтардан келді.  Қатысушылардың ойындары Американдық Парламенттік формат шеңберінде өтті. Оған сәйкес бірмезгілде 4 команда (8 спикер) ойнап, қазылар алқасының алқалық шешімі шығарылады. Сайыс кезеңдерінің тақырыптары алдын ала таратылды және олар Президенттің «Әлеуметтік-экномикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауы негізінде құрастырылды.

Қазақ және орыс лигаларында 28 командадан (барлығы 112 қатысушы) қатысты.

Дебаттық турнирдің нәтижесі бойынша, «Үздік спикер» атағын Қарағанды экономикалық университетінің студенті Данияр Бибасар; «Үздік төреші» атағын Семей мемлекеттік педагогикалық институтынан келген Тоғжан Есенбаева жеңіп алды. Бірінші орынды Алматы Халықаралық бизнес университетінің ділмарлары Е. Оразалиев пен Д. Естанов иеленді. Екінші орынды Қарағанды экономикалық университетінің студенттері М. Тосқанбаев пен Ш. Бірәлин жеңіп алса, үшінші жүлде Астанадағы Қазақ Гуманитарлық заң университетінен қатысқан Б. Қалтаев пен Қарағанды экономикалық университетінің студенті Д.Бибасарға бұйырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе