БҚО-да көзінен жарақат алған оқушыға ота жасалды

- Батыс Қазақстан облысында көзінен жарақат алған оқушыға ота жасалды, деп тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Жаңақала ауылында 2008 жылғы ер бала 6 мамыр күні таңмен сол көзінен жарақат алған.

Оқушы сағат 08.40-та аудандық ауруханада көз дәрігерінің қабылдауында болып, алғашқы көмек көрсетілді.

«Бала медицина қызметкерімен бірге облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесіне жеткізілді. Көзіне ота жасалды. Жағдайы қанағаттанарлық», тілшісіне А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, БҚО-да сабақ кезінде оқушы көзінен жарақат алған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе