Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан пединститутында жаңа корпустардың құрылысы және жөндеу жұмыстары басталады

ШЫМКЕНТ. 15 Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты (ОҚПИ) биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа корпустардың құрылысы басталады, деп хабарлады жоғары оқу орнының ректоры Оңалбай Аяшев.«Оқу бөлімдерін күрделі жөндеуден өткізіп, оларды жабдықтау үшін биылғы жылы бізге 2,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл институтымыздың материалдық-техникалық базасын, яғни білім беру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деді О.Аяшев. Ол сондай-ақ елдің байырғы жоғары оқу орындарының бірі түбегейлі өзгерістерге дайындалып жатқанын хабарлады.

«Мен Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен кездестім. ОҚПИ үшін жаңа 11 қабатты оқу ғимараты мен 7 қабатты жатақхана құрылысына негізінен келісім берілген. Біз жобаға Мәскеуге тапсырыс бердік, құрылыс биылғы жылы басталатынына дәмеленіп отырмыз», - деді О.Аяшев.

Оның айтуынша, жаңа құрылыс жоғары білім беру жүйесінде жаңалыққа айналады. «Оқу бөлімдері толық жабдықталған. Бұдан басқа, 400 орынға арналған студенттер үйі салынды. Біз оның бөлмелерінің үш жұлдызды қонақ үйі деңгейінде болуын қалаймыз. Секциялар екі адамға арналмақ, жеке жуынатын орны болады», - деп түсіндірді ректор. Ол сондай-ақ жоспарда жабық бассейн мен бірнеше ойын және бейіндік залдардан құралған заманауи спорт кешенін салу бар екендігін атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе