Маңғыстау облысында екі жаңа балабақша ашылды (ФОТО)

Маңғыстау облысының Үштаған мен Жыңғылды ауылдарында 80 балаға арналған екі балабақша ашылды.Мектепке дейінгі мекемелер «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жергілікті бюджеттің қаражатына салынды. Үштаған ауылындағы «Арай» балабақшасына 260 млн. теңге жұмсалса, Жыңғылдыдағы «Ұлан» бақшасына 270 млн. теңге кеткен.

«Бүгін жаңа жыл қарсаңында біз жаңа балабақшалардың есігін айқара ашып жатырмыз.  Үлескерлер нысандарды сапалы  әрі уақытында салды. Айта кетерлік жайт, Жыңғылдыда жаңа балабақшаның ашылуымен мектепке дейінгі біліммен балалардың 100 пайызы қамтылды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Жыңғылды  ауылында өткен бірнеше жыл ішінде 200 орындық мектеп-интернат, дәрігерлік амбулатория,  «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша  салынған 4 пәтерлі тұрғын үйлер салынды, жолдар асфальтталды. Екі талшықты оптикалық желі іске қосылды.

Дәл осы күні Оңды ауылында облыс әкімі Алик Айдарбаев  «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша  салынған 4 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін кезегі келген тұрғындарға тапсырды. 304 шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысына 24 млн. 692 мың теңге жұмсалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе