Теректі ауданында «Мектепке жол» шарасы барысында 3,5 млн. астам теңгенің көмегі көрсетілді

ОРАЛ. 9 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасқан «Мектепке жол» шарасы кезінде Теректі ауданында 867 оқушыға 3 млн. 511 мың теңгенің, оның ішінде демеушілердің қаржысы есебінен 618 балаға 2 млн. 914 мың 559 теңге көлемінде көмек көрсетілді.Аудандық білім беру бөлімінен хабарлағанындай, акция барысында «Аялы алақан» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Ақжайық ауылында мектеп құралдарының жәрмеңкесі өткізіліп, онда оқушыларға қажетті тауарлар төмен бағамен сатылды.

Қайырымдылық шарасы кезінде ауданда 486 мұғалім бекітілген учаске бойынша 104 рейд жүргізіп, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің санын, әлеуметтік жағдайын анықтады. Осылайша, табысы аз отбасы балаларының тізімі жасақталып, барлық ауылдық округ әкімдері мен кәсіпорындарға жіберілді. Аталған акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе