СҚМУ-да «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің студенттермен және оқыушылармен кездесуі болды

ПЕТРОПАВЛ. 25 сәМ.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің студенттермен және оқытушылармен кездесуі болды.«Болашақ» халықаралық стипендиясы 20  жыл бұрын тағайындалған болатын. Бағдарлама аясында осы жылдарда 10 мыңға тарта қазақстандық шетелдік жоғары оқу орындарында сапалы білім алды. Соңғы үш жылда осы бағдарлама бойынша 120 солтүстікқазақстандық оқып шықты.

СҚО монополияға қарсы инспекциясының бастығы Арман Өтегеновтің айтуынша, бұл кездесудің мақсаты - жас адамдарға халықаралық заманауи стандарттарға сәйкес жақсы білім алып шығуға мүмкіндік беретін білім саласындағы осы ірі жобаны тарату болды.

Кездесуге қатысушылар «Болашақ» бағдарламасы, оқыту шарттары мен сапасы, жұмысқа орналасу келешегі туралы өздерін толғандырған сұрақтар қойды.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Арман Бердіғұловтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік секторда барлық түлектердің 20 пайызы жұмыс істеп жүр. Мемлекеттің қатысуындағы ұлттық компаниялар мен ұйымдарда - 21 пайызы, жеке компанияларда - 55 пайызға жуығы, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда - 4 пайыздайы еңбек етуде.

Солтүстік Қазақстан  облысында бүгінде «Болашақ» бағдарламасының 15 түлегі жұмыс жасайды, олардың арасында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ маманы, Ливерпуль университетінің түлегі Елена Давыденко да бар. Оның айтуынша, көптеген жас адамдар астанаға және үлкен қалаларға ұмтылады, аймақта да біреулер жұмыс істеп, оның дамуына үлес қосуы тиіс қой.

Бүгінгі күндері үш мыңға жуық қазақстандық «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша білім алуда, олардың арасында Солтүстік Қазақстаннан 27 адам бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе