Ақмола облысында білім саласында халықаралық стандарт енгізілмек

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 13/Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысының әкімі Альберт Рау өңірге іссапармен келген Греноболь академиясы қоғамдық байланыс орталығының директоры Мишель Бросс пен осы академияның мейманхана мектебін жобалау және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бас реттеуші Жан-Ноэл Пашуды қабылдады,деп тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кездесу барысында аймақ басшысы меймандарға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Бурабай курорты аймағында туризм бизнесін өркендету, жергілікті білім ошақтарында мейманхана бизнесі мамандарын дайындау жайында мол мағлұмат беріп, түйіндеген сауалдарына жауап берді. Франуз елінің өкілдері Көкшетауға келудегі басты мақсаттары - білім беру саласында халықаралық стандартты енгізуде бағытындағы қазақстан-еуропа бірлескен бағдарламасының орындалуын өз көздерімен көріп, білу екенін атап көрсетті. Бұл жоба бағдарламаның грантын жеңіп алған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті негізінде іске асырылмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе