Аккредациялық агенттіктердің ұлттық реестрі құрылды - Білім және ғылым вице-министрі

АЛМАТЫ. 1 Инновация біздің елімізде ғылым мен технологияны  дамытудағы басты басымдық болып табылады. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым министрі Мұрат Орынханов бүгін Алматыда "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыппен  өтіп жатқан V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжиниринг және технологиялар конгресінде айтты.

«Қазақстан бірте-бірте мемлекеттік жоспар бойынша аттестация-акредитация жүйесіне көшеді. Біз кеше Астанада  №1 аккредитациялық агенттіктердің ұлттық реестрін құрдық. Ұлттық акредитациялық кеңес оны бекітті. Оған 2 қазақстандық және Австрия, АҚШ,  Германия елдерінен 4   шетелдік агенттік еніп отыр. Бұл білім беру мен кадрлар дайындау сапасын қамтамасыз етудегі нақты қадам», - дейді М.Орынханов. Оның айтуынша, Қазақстанда химиялық тау-кен технологиясы жоғары деңгейге қойылған. Сирек және сирек жерасты металдарын өндіру жеткілікті деңгейде жоғарғы деңгейде. Баламалы энергетика саласында кремний технологиясы бастамасы да қарыштап дамуда. Отандық ғалымдардың бұл салалардағы бастамалары мен нақты шаралары «Ғылым туралы» жаңа заң бойынша мемлекет тарапынан  қолдау тауып жатыр. Бұл конгресс ғылымның даму болашағының алауы бола алады. Ол жетістіктерді талқылап, өзара тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе