Оңтайландыру жоғары оқу орындарын жабуға бағытталмаған

АСТАНА.  24 Қазақстанның ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Pm.kz сайтымен еліміздегі жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде қуаты аз университеттерді біріктіру арқылы ірілендіру туралы пікірімен бөлісті.Еліміздегі жоғары оқу орындарын оңтайландырудың нақты негіздері және тиімді құралдары бар. Аз көлемді ЖОО үшін ең жақсы тәсіл  ірілендіруге бару, бұл студенттер мен оқытушылардың  құрамын сақтап қалудың ымыралы шешімі болмақшы.

Қазір Қазақстан ЖОО оңтайландыру мақсатын ұстануда, себебі, өкінішке орай бірқатар ЖОО қажетті білім бермейді немесе студенттер үшін қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ.

Оңтайландыру ЖОО жабуға бағытталмаған. Ол оқу орындарын ірілендіруді көздейді.

Алматы, Шымкент, Қарағанды сияқты көптеген ірі қалаларда университеттерді ірілендіріп, қажетті материалдық-техникалық және оқытушылық базасы бар, яғни бәсекеге қабілетті білім бере алатын  оқу орындарын құруға болады.

«Көптеген оқу орындары оңтайландыруға баруы қажет деп ойлаймын, бұл білім беру сапасын арттырып және студенттер үшін қажетті жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді»,- деді Р.Алшанов өз сөзінде.

ҚР БҒМ мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде бұрын жұмыс істеп тұрған 146  ЖОО орнына 143 оқу орыны білім беруді жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру мекемелерін оңтайландыру туралы тапсырма берген болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе