Орал қаласында 12502 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

ОРАЛ. 4 /Елжан Ералы/ - Орал қаласында 12502 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 3,5 мыңы - 3-6 жас аралығындағылар. Мұның басты себебі қала халқының өсе түсуіне байланысты. Айталық бес жылда (2006-2010 жылдары) 25 мың нәресте дүниеге келді, жыл сайынғы өсім - 10 пайыз.

Қазіргі таңда қалада мектепке дейінгі 66 мекеме жұмыс жасайды, оларда 10383 балдырған тәрбиеленуде. «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағыларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі Оралда 92 пайыз (республикалық көрсеткіш - 41,6 пайыз).

Өткен жылы облыс орталығында үш балабақша бой көтерді. Атап айтқанда, қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Самал көшесі бойында 360 орындық, 5-інші шағынауданда әрқайсысы 290 орындық екі балабақша салынды.

Балабақшамен қамту жөнінен облыс республика бойынша алғашқы үштікке кіреді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе