QazaqGeography қалалардың тарихы туралы интерактивті карта жасады

«QazaqGeography» - «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың қазан айында құрылды.  Ол Қазақ ұлттық географиялық қоғамының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Бірлестіктің Қазақстан бойынша 11 өңірлік  өкілдігі бар. Олар: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.«Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы 5 тақырыптық кеңес аясында жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, бірлестіктің жұмысы «География, климат», «Қоршаған орта, табиғи ресурстар»; «Биоалуантүрлілік», «Туризм, саяхат, өлкетану», «Тарихи-мәдени мұра, этнография» атты кеңестерге саяды.

Бірлестіктің жұмысын көрсету, ол туралы ақпараттың қолжетімдігі, замануи талаптарға сай болу және қоғаммен байланыс мақсатында бүгінде QazaqGeography бірлестігінің Facebook, Instagram сынды халық арасында кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерде өзінің ресми парақшасы жүргізіледі. Оған қоса, qazaqgeography.kz сілтемесі арқылы өтіп, бірлестіктің жаңалықтары мен ол туралы ақпаратты ресми сайттан да алуға болады.

Қазақстан QazaqGeographу қоғамы тұлғасында Халықаралық географиялық одақтың мүшесі болып табылады.

Айта кетейік, өткен жылы QazaqGeography 16 жобаны іске асыру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізді.

2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Ұлттық мұражайында Қашқарияға экспедиция материалдары бойынша «Ұлы Шоқанның керуен жолы бойынша» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап авторы, профессор Өрденбек Мазбаевтың айтуынша,  аталмыш кітап қазақтың маңдайына біткен біртуар ғалымы, ұлы ағартушы - демократ, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист дүниежүзіне аты мәшһүр жиһанкез Шоқан  (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың жүріп өткен жолдармен экспедиция жасап қайтқан соң жазылған. Экспедиция Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына және Қашқар саяхатына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Осы орайда қазақтың халық жазушысы, драматург ҒабитМүсірепов «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз» деген сөздері ойға оралады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Шоқан Уәлихановтың 180 жасқа толуына байланысты жер-жерде түрлі мәдени, ғылыми шаралар өткізілген болатын.

Айта кетейік, «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі және География институтымен бірге 2016 жылы Қазақстан аумағындағы қалалардың тарихы туралы «Қазақстанның көне қалалары» атты 3 тілде интерактивті карта жасалды. Әлбетте, елдер туризміндегі көне қалалардың атқаратын рөлі орасан зор. Олар мәдениетті сақтап қана қоймай, туризм дамуының негізгі қағидасы. Қазіргі әлемде дәстүр бойынша көне қалалар айналасында туристік инфрақұрылым қалыптасып келеді.  Ал олардың өздері көптеген тарихи әрі мәдени ескерткіштері бар, туристік орталықтар ретіндегі маңызды рөл атқарады. Жоспарланып отырған ғылыми жоба Қазақстанның көне өркениеттерінің ең бірегей ескерткіштерін әйгілеуге мүмкіндік туғызады.

3 тілде әзірленген интерактивті карта мақсаты - объекттердің орналасқан жері мен саны туралы визуалды көріністі, сондай-ақ фотосуреттік және анықтамалық ақпаратты алуға деген мүмкіндікті кеңейтеді.

Сондай-ақ, ҚБСА РҚБ-мен бірге Қазақстанда Пржевальский жылқысын бұрынғы қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды.

Айта кету керек, 2017 жылы QazaqGeography бірлестігі 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе