Ақмола облысында биыл мектепке баратын 1 мыңдай бала материалдық көмекке зəру

Биыл Ақмола облысында материалдық көмекке зəру 10 730 бала тіркелсе, оның 1 053-і мектеп табалдырығын алғаш  аттайтындар. Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына тура бір ай мерзім қалғанда жалпыреспубликалық "Мектепке жол" қайрымдылық акциясын өткізеді. Биылғы жылғы бұл жалпы республикалық акция ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, 1-ші тамыздан бастап, 30 қыркүйек аралығында "Бақытты балалық шақ аумағы" ұранымен өткізілмек. Аталмыш қайырымдылық акциясы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардан тұратын мектеп оқушыларына жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету және балалардың əлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдына алуды мақсат тұтады. Облыстық білім басқармасының мəліметі бойынша өткен жылы 12 399 балаға материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 6 245 оқушыға 36,3 миллион теңге көлемінде, 6 154 оқушыға бюджеттен тыс қаржыға 55,6 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Материалдық көмектің жалпы сомасы 92,1 миллион теңгеге жетт.  Жалпыреспубликалық акцияның қарсаңында облыстық білім басқармасы барлық ақмолалықтарға, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылып, қиын жағдайда қалған балалар мен отбасыларға көмектесуге шақырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе