Ақтауда 700-ге жуық бала Абайдың әнін бір мезетте шырқады

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 700-ге жуық оқушысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады, деп тілшісі.

Білім ордасының оқушылары #Абай175 эстафетасын өңірдегі «Интеллектум» лицейінен қабылдаған.«Көзімнің қарасы» әнін кез келген қазақстандық біледі деген ойдамыз. Эстафетаның шарттарын орындау мақсатында арнайы дайындық жүргізген жоқпыз. Бізге мектеп алдына шығып ән айтатынымыз хабарланды. Үзіліс кезінде өлеңді бір емес, үш рет қайталап айтып шықтық», - дейді мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының президенті Рауан Ибрагим.Зияткерлердің сөзінше, республика бойынша Абай шығармаларын насихаттауға арналған шараларға белсенді қатысу арқылы балалар ақынның шығармашылығымен жақын танысады. Оқушылар эстафетаны Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №8 жалпы орта мектебі мен Форт-Шевченкодағы М.Горький атындағы мектеп-лицейіне жолдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе