Қытайлық сарапшы Қазақстанның үшінші жаңғыруын «Made in China-2025» бағдарламасымен салыстырды

«Жаңғыру 3.0» пен «Қазақстанда жасалған» бағдарламаларының негізгі мазмұны мен басты тармақтары агроөнеркәсіп секторын қамтиды. Қазақстан мен Қытай шекті уақыттары бірдей «Made in China-2025» пен «Made in Kazakhstan» бағдарламаларын түйіндестіруден өзара тиімді пайда алады. Мұндай тың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Әкежановқа Қытай халықаралық проблемалар институты ШЫҰ, Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары Ли Цзыго білдірді.«Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында үшінші жаңғырудың негізгі бағыттары ретінде 3D-принтинг, онлайн-сауда, ұтқыр банкинг, сандық сервис сынды салаларды атады. Менің пайымымша, бұған қоса негізгі мазмұны мен басты тармақтары агроөнеркәсіп секторын қамтитын «Жаңғыру 3.0» пен «Қазақстанда жасалған» бағдарламалары жаңа келешегі зор бағыттар бола алады. Қазақстан ол үшін қажетті ресурстарға ие және астық, ет және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру есебінен өзінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіншілігі зор», - деді Ли Цзыго.

Ол қытайлық «Alibaba Group» интернет-компаниясының негізін қалаушы және осы ұйымның директорлар кеңесінің төрағасы Джек Маның Қазақстанда болғанын, сонымен бірге 2016 жылдың қыркүйегінде Ханчжоуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен онлайн-сауда саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқыланғандығын еске салып өтті.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына орай ҚХР-дағы ҚР елшілігі ұйымдастырған дипломатиялық қабылдауға қатысқан қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер «Alibaba Group-пен» ынтымақтастыққа қызығушылық танытты», - деді ол.

Оның айтуынша, базалық салаларды технологиялық жарақтандыруға бағытталған міндеттер мен уақытша бағдарлар, шикізаттық емес экспортты арттыру, сонымен бірге «Made in Kazakhstan» брендін дамыту Қытайдың даму бағдарламасымен сәйкес.

«Қытайда «Made in China-2025», ал Қазақстанда 2025 жылға дейінгі «Made in Kazakhstan» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Біз оларды түйіндестіру арқылы өзара тиімді пайда ала аламыз. Алдымыздан электронды сауда жаңа энергетикалық көздерін дамытудағы ынтымақтастықта зор келешек ашылады. Қазірдің өзінде елдеріміздің арасында өндірістік қуаттар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда»,- деді Ли Цзыго.

Айта кетейік, Қытай халықаралық проблемалар институты (China Institute of International Studies) 1956 жылы ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанынан құрылған және бұл елдегі халықаралық проблемалармен айналысатын көне ғылыми институт саналады. Қытайдың үздік «ақыл-ой орталықтары» рейтингінде 5-ші, ал Азияның 25 жетекші сараптамалық орталықтары рейтингінде 11-ші орында тұр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе