Мүмкіндігі шектеулі балалар толыққанды білім алулары тиіс - Павлодар

ПАВЛОДАР. 27 Павлодарда білім жүйесін жаңғырту жағдайындағы инклюзивтік білім кеңістігін ұйымдастыруға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның жұмысына ПМПИ-дың анатомия, физиология және дефектология кафедрасының оқытушылары, асырап алу органдарының өкілдері мен мамандандырылған мектептердің мұғалімдері қатысты. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық оқыту, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру проблемаларын, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.

ПМПИ-да дефектолог мамандарды даярлау алты жылдан бері жүргізілуде, олардың оқу жоспарларына «Инклюзивтік білім негіздері» пәні енгізілген. Теория мен тәжірибені қоса алып жүретін дуальдық (теория мен практиканы байланыстыратын) білім берудің мүмкіндігі қарастырылуда. Конференция қатысушылары ПМПИ-дың «ерекше» балалармен жұмыс жүргізудегі кәсіби мамандарды даярлау саласындағы саясатына қолдау білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе