Қарағанды облысындағы Ботақара кентінде жаңа мектеп ашылды (ФОТО)

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде 464 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.«9 қаңтарда Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде қазақ тілінде оқытатын жаңа орта мектептің ашылуына қатысты. Оның құрылысы 2014 жылғы маусымнан бері «Білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан еді», -  делінген хабарламада.

Жаң мектеп 484 орынға арналған, үш қабатты ғимараттың ауданы - 6400 шаршыметр. Шеберхана, мультимедиалық, лингафон кабинеттері, кәсіптік бағдарлау зертханасы бар. Мамандандырылған химия, физика және биология кабинеттері жасақталған. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 902 млн. теңге бөлінді.

 «Сапалы білім - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге ұмтьылып отырған елдің ойдағыдай дамуы факторларының бірі. Ел болашағы біздің мектеп оқушыларымыздың қолында, сондықтан да Мемлекет басшысы жалпы білім беретін жүйенің материалдық-техникалық базасын жаңартуға айрықша көңіл бөліп отыр», - деді Н.Әбдібеков мектептің ашылуында.

Бұдан бұрын Ботақарада бір ғимаратқа жалпы білім беретін және музыкалық мектептер орналасқан болатын. Бөлмелер оқушылар үшін тар болды, спорт залы болмаған. Жаңа мектеп салынуымен бұл проблема шешілді.

Жаңа мектептегі сабақтар екінші жартыжылдықтан басталады. Мұнда 55 мұғалім жұмыс жасайды, олардың арасында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандар бар.

Білім беру жоспарында «Тірек мектебі» жобасын, «E-learning» электрондық оқыту бағдарламаларын енгізу көзделген.

«2015 жылдың соңында Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында 140 орындық жаңа «Балдырған» балабақшасы ашылды, Петровка ауылында  су құбыры іске қосылды», - деп еске салды өңір басшысының баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе