Астанада дәнді дақылдардан жасалған ерекше киіз үйдің таныстырылымы болды

АСТАНА. 22 Астанада Наурыз мейрамын атап өту барысында дәнді дақылдардан жасалған ерекше киіз үйдің таныстырылымы болды.Таныстырылым Астана қаласы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда өтті. Елордалық мекемелер, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының киіз үйлері бой түзеген бұл алаңда, осы уақытта мерекелік іс-шаралар өтуде.

Қазақстанда өсетін 13 түрлі дәнді дақылдан жасалған киіз үйдің авторы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. Оны жасап шығарған - университеттің сәулет факультетінің оқытушысы, суретші Бақытжан Әріпов.

Киіз үйдің дәнді дақылдардан жасалуы оның жалғыз ерекшелігі емес. Бірегей туындыда қолданылған әрбір өлшемнің өзіндік мән-мағынасы бар. Онда жазғы және күзгі бидай, арпа, күріш, маш, үрмебұршақ, асбұршақ, тары, жүгері, жүгерінің ұнтағы, арпа, қарақұмық, сұлы, барлығы 13 түрлі дәнектің қолданылуы Астана қаласының 13 жылдығын білдіреді. 55 сантиметр болатын оның жалпы аумағы университеттің биыл атап өтетін 55 жылдық мерейтойымен байланысты. Киіз үй қондырылған тұғырдың ені 57 см болуы, аталмыш ЖОО-ның 1957 жылы құрылғанын білдірсе, тұғырдың 70 см-лік ұзындығы қазақтың киелі - 7 санымен  байланысты. Киіз үйді айналдыра аталмыш аграрлық университеттің ғалымдары ойлап тапқан бидайдың 4 сұрпының масақтары қойылған.

Онымен қоса, ҚазАТУ-дың баспасөз орталығының директоры Талғат Махановтың атап көрсеткеніндей, дәнектер қамырға жабыстырылды және онда ешбір бояу қолданылмаған. Киіз үйдегі оюларға түрлі-түстілікті дәнді дақылдардың табиғи бояуы беріп тұр.

Астанада, мүмкін Қазақстанда аналогы жоқ ерекше киіз үй С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың мұражайында сақталатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе