Павлодарда жасөспірімдер арасында баскетбол жарысы аяқталды

ПАВЛОДАР. 20 Павлодарда «тәуекел тобындағы» жасөспірімдер арасында баскетбол жарысы аяқталды, деп хабарлады білім бөлімінің жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығының баспасөз қызметінен.Кәмелеттік жасқа толмағандар істері бөлімінде және мектепішілік бақылауда есепте тұрған балаларға арналған жарыстар қалада дәстүрлі түрде өткізіледі.

Баскетбол бойынша жарыс олимпиада жүйесі бойынша өтті, биыл оған қаланың 24 мектебі қатысты. Финалдық ойындардың қорытындылары бойынша бірінші орынды № 12 мектептің баскетболшылары алса, № 30 және № 16 мектеп спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Командалық ойындар балаларға қабілеттерін көрсетіп, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырады және зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі, деп есептейді педагогтар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе