«Болашақ ғаламшары» жобасы әлемнің кез келген нүктесіндегі «болашақтықты» табуға мүмкіндік береді

Бүгін «Болашақ» қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ ғаламшары» жобасын ұсынылды, деп хабарлайды қауымдастықтың баспаcөз қызметінен.www.bolashak.kz сайтында орналасқан бірегей интерактивті модуль «Болашақ ғаламшары» курстас болашақтықтарды табуға, бағдарлама стипендианттары арасында қарым-қатынастарды ретке келтіруге, жаңа адамдармен танысуға және тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Аталмыш модульде әлем картасы орналастырылған, ел/қала/ЖОО бөлінісінде бағдарлама стипендианттарының жалпы саны белгіленген. Нұсқаларды ЖОО-ға бағыттаған кезде сонда білім алып жатқан немесе білім алған барлық стипендианттарды табуға, ең бастысы, олардың әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына тікелей сілтеме алуға болады (facebook.com, vk.com және т.б.). Сондай-ақ стипендиантты Іздеу жолағы бойынша табуға болады.

Жалпы, бұл жоба экономиканың түрлі салаларындағы жоғары білікті мамандар арасында тиімді өзара әрекет ету жүйесін қалыптастыруға септігін тигізбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе