Қытай халық университеті қазақстандық ЖОО-лармен ынтымақтастыққа ниетті

3 маусым күні ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай халық университеті партия комитетінің хатшысы Цзинь Номен кездесіп, «Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасы аясындағы қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастар» тақырыбында дәріс өткізді.Кездесу барысында білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Қытай халық университеті және ҚР Білім және ғылым министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті арасындағы 2016 жылдың 24-27 мамыры күндері Қытай делегациясының Қазақстанға сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Цзинь Но өз кезегінде қысқа мерзімдік оқыту бағдарламалары аясында студенттер алмасу саласында қазақстандық ЖОО-лармен ынтымақтастықты арттыруға үмітті екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Қытайда 11 мыңнан астам қазақстандық студент біім алып жатыр. Оның 21-і Қытай халық университетінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алып жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе