Батысқазақстандық кітапханашылар мен тифлопедагогтар ресейліктер ұйымдастырған вебинар-кеңеске қатысты

ОРАЛ. 18 сәОблыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы ұжымы 17 сәуір күні зағиптарға арналған Мәскеу мемлекеттік кітапханасы ұйымдастырған вебинар-кеңеске қатысты.Вебинар-кеңес - алыс қашықтықтан ғаламтор жүйесі арқылы өткізілетін жиын. «Зағиптарға арналған кітапхана жағдайында балалар орталықтарының жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыпта өткен бұл вебинар-кеңесте Ресейдің Мәскеу, Воронеж, Ставрополь, Рязань сынды қалалары мен Татарстаның Қазанынан тифлопедагог-мамандар сөйлеп, мүмкіншілігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Мысалы, мәскеулік маман Венера Денискина көздері өте нашар көретін балаларға көрсетілетін түзету-оңалту жұмыстарын жетілдіру жөнінде әңгімелесе, воронеждік дефектолог Татьяна Заболотникова мүмкіншілігі шектеулі балдырғандарды оқуға ерте жастан даярлау қажеттігін айтты. Аталмыш кеңеске белсене қатысқан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының директоры Жаңылай Мақасова мен осы мекеменің тифлопедагог-маманы Эльмира Маубасова зағип балалардың ата-анасымен қарым-қатынас жасаудың маңызы жөнінде әңгімеледі. Екі күнге созылған вебинар-кеңесте мамандар ақпараттық кеңістік арқылы өзара тәжірибе алмасып, кеңінен пікірлесуге мүмкіндік алды.

Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының директоры Жаңылай Мақасованың мәлімдеуінше, аталмыш ұжым мұндай вебинар-кеңеске тұңғыш рет қатысып отыр. Интернет жүйесі арқылы өткізілетін мұндай кеңестердің өте тиімді екенін айтқан Жаңылай Қатымғалиқызы алдағы уақытта осы тәсілмен еліміздің түкпір-түкпіріндегі тифлопедагог-мамандардың басын қосып, тәжірибелерін бөліскісі келетінін жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе