Кәсіптік-техникалық лицейлерде оқу бағдарламалары жаңарғанымен, материалдық база әлі ескі күйінде

АСТАНА. 16 Кәсіптік-техникалық лицейлерде оқу бағдарламалары жаңарғанымен, материалдық база әлі ескі күйінде тұр.Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Білім және ғылым министрінің атына сауал жолдаған депутат Алмас Тұртаев  осылай мәлім етті.

Депутат сауал барысында ішкі еңбек нарығының қажеттілігіне және халықаралық талаптарға жауап беретін кәсіби мамандарды даярлау Білім және ғылым министрлігінің негізгі міндетінің бірі екенін еске сала келе, «өкінішке қарай қазіргі таңда кәсіптік білімі бар білікті орта буын кадрлар жетіспеушілігі анық сезіліп отырғанын» атап өтті. Оның айтуынша, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар мен заман талаптарына жауап беретін жаңа мамандықтар бойынша орта буын кадрларын даярлау іс жүзінде нақты дамуға ие болмай отыр. Бұған де негіз бар секілді.

«Өйткені, оқу бағдарламалары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беретін стандарттардың жаңаруына қарамастан оқу үдерісінде негізінен моральдық жағынан ескірген техника,  жабдықтар мен құралдар қолданылып келеді. Аудандарда орналасқан кәсіптік-техникалық лицейлердің материалдық-техникалық базасының жай-күйі қазіргі білім беру технологияларының талаптарынан тым алыста жатыр. Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізетін колледждер мен кәсіптік лицейлерде әлі күнге дейін өткен ғасырдың 70-90 жылдары шығарылған, тозығы жеткен техникалар қолданылады. Мұндай жағдай білікті жұмысшы кадрлар мен мамандар даярлау проблемасын толыққанды шешуге мүмкіндік берер емес», - дейді А. Тұртаев.

Бұдан бөлек, депутаттың айтуынша, экономиканың түрлі салаларындағы кадрлар сұранысына талдау жасалмау салдарынан бітірушілердің еңбекке орналасу деңгейі де жыл сайын төмендеп келеді. Яғни, кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстардағы орта және шағын бизнесті қолдау, дамыту орталықтарымен, жұмыс берушілер қауымдастықтарымен байланысы өз деңгейінде емес.

«Үлкен қаржылық капиталды қажет ететін ғылымға негізделген  өндірістер осылайша кадрлық тапшылықты сезініп, білікті буын маманына зәру болып отыр. Ендеше, бұл министрліктің мемлекеттік кәсіби білім беруді жоспарлау кезіндегі еңбек нарығына маркетингтік зерттеулерді дұрыс жүргізгеніне күмән келтіртеді», - дейді А. Тұртаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе