Мемлекет басшысы Зияткерлік мектептер оқушыларына кеңесін берді

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған форумда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарға өз кеңесін берді, деп тілшісі.«Бізге оңтайлы қарқынды сақтап, дамудың жаңа бағыттарын айқындау маңызды. Біріншіден, цифрландыруды кеңінен енгізу керек. Бұл бағытта елімізде тиісті жұмыстар атқарылуда, арнайы мемлекеттік бағдарлама іске асырылып жатыр. Қазіргі кезде цифрлық технологиялармен жұмыс істей алатын жаңа мамандар сұранысқа ие. Сіздерді мектептен бастап бұл қажетті салаға дайындап жатырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Зияткерлік мектептер оқушыларының жетістіктерін атап өтті.

«Алдағы 10-15 жылда жасанды интеллект, автоматтандыру технологиялары біздің өміріміздің ажырамайтын бөлігіне айналады. Бүгінде тек Азияда 5 млн бала робот техникасын тереңдетіп оқып жатыр, 15 млн бала ІТ-технология бағытында білім алуда. Олар жасанды интеллект пен робот жүздеген кәсіпті алмастыратын болашаққа табысты түрде дайындалуда», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы осы додадан еліміз қалып қоймауы тиіс екенін, білім мен біліктілікке екпін қою керектігін қадап айтты.

«Екіншіден, жаңа технологияларды ілгерілету қажет. Әлемде бұл сала күн сайын жетілдіріліп жатыр, үнемі инновациялық тың жобалар жарыққа шығуда. Әрбір үш-бес жылда жаңа кәсіптер пайда болуда. Сарапшылардың пайымынша, 2030 жылға қарай компьютерлер 400-500 млн жұмысшыны алмастырады, 375 млн адам мамандықтарын ауыстырып, жаңа дағдыларды меңгеруге мәжбүр болады. Сондықтан тез өзгеріске ұшырайтын кезеңде бәсекеге қабілетті болу үшін сіздерге заманауи технологияларды жете меңгерген өте маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба 2008 жылдың наурыз айынан жүзеге асырыла бастады. Бүгінде елімізде жаратылыстану-математика бағытындағы 20 Зияткерлік мектеп ашылды. 2010-2018 жылдар аралығында осы оқу орындарын 8 мыңға жуық түлек тәмамдады. 950 оқушы «Алтын белгі» мен ерекше аттестатқа ие болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе