391 қызылордалық студент Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып жатыр - Көшербаев

391 қызылордалық студент Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып жатыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» форумының пленарлық отырысында баяндады,-деп тілшісі.- Жаңа дәуір келе жатыр. Көз алдымызда зор мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаһандық шындық пайда болуда. Дәл қазір әлем төртінші өнеркәсіптік революцияны бастан кешіруде.

Жаңа индустриялық революция технологияның бірігуімен, сандық, өндірістік, биологиялық салалар арасындағы шекараның өшірілуімен сипатталады. Ол құрылған технологиялық және өндірістік тізбектерді реформалайды. Роботтар және жасанды интеллекттер барлық салаға еніп жатыр.

Осыған байланысты біз білім беру мен кадрлар даярлау жүйесін қайта құрып отырмыз. Қызылорда облысында аталмыш саланы қаржыландыру соңғы 4 жылда екі есеге артты. Бұдан бөлек, аймақтағы сұранысқа ие мамандар қатарын толықтыру үшін жыл сайын Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына бітіруші түлектер білім алады. Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында облыстан 391 студент оқып жатыр,- деді облыс әкімі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе