Ұлыбританияда «болашақтықтар» Наурыз мерекесін ұйымдастырды

Шығыс Англияда Норвич қаласындағы университетте «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттер жылсайынғы университеттік Go global кең ауқымды шарасы аясында Наурыз мерекесін ұйымдастырды.Шараны ұйымдастырушы, қазақстандық студенттер қоғамдастығының вице-президенті, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Қанат Әуесбайдың айтуынша, «Go global тарихында алғаш рет қазақстандық студенттер Наурыз мерекесін ұсынды. Мерекеде қазақы дастарқан жайылып, жиналғандар бауырсақ, талқан, майсөк, қазы, жая, құрт, палау сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты. Мерекенің сәні - наурызкөже болды».

Қазақтың ұлттық ән-билері мен күйлері мереке ажарын ашты. Қазақстандық жастардың өнеріне салтанатқа жиналғандар ризашылықпен қол соқты.  «Nauriz party» мерекесіне Лондоннан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, сондай-ақ ҚР жастар ұйымдарының бұрынғы көшбасшысы, қазірде «Болашақ» бағдарламасымен Брюнель университетінде оқып жатқан Нұрлан Өтеш құрметті қонақ ретінде қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан барлық стипендиаттарды оның Лондондағы өкілі Төрехан Абрайымов құттықтап, қазақстандық студенттер қоғамдастығының белсенді мүшелеріне, бағдарлама стипендиаттарына алғысхаттар тапсырып, олардың шетелде Қазақстанның беделін нығайтуға бағытталған қоғамдық жұмыстарына алғысын білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе