Түркиялық исламтанушы ғалымдар медресе шәкірттеріне дәріс оқыды

АСТАНА. 3 сәЕлордада түбі, діні мен ділі бір түркиялық исламтанушы ғалымдар Астана медресесіне арнайы келіп дәріс оқыды.Астана медресесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ыстамбұл қаласының дін саласында арнайы мамандар дайындайтын іргелі оқу орындарының бірі «Мармара» университетінің ұстаздары: тәпсір ғылымдарының докторы, профессор Өмер Челик пен хадис саласының білгірі, ғылым докторы Хикмет Атан мырзалар медресе шәкірттерімен кездесіп, исламтану бағыты бойынша арнайы дәріс оқып, қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді.

 Өз сөзінде Х.Атан мырза: «Біз әуелі ақидада, Имам Матуруди, фиқһта Әбу Ханифа, ал, көркем-мінез құлықта, амалда Орта Азиядан шыққан ғұлама бабамыз, түркістандық Хазрет Ахмет Яссауидың жолын ұстануымыз керек. Осы үш негізді өзімізге бағыт-бағдар етер болсақ бізді ешкім ешқайда да адастыра алмайды», деп нық сеніммен айтты. Ал, Құран ғылымының білгірі, осы күндері бес томдық тәпсір кітабын баспадан шығарғалы отырған профессор Ө.Челик мырза болса, шәкірттерге Құран мен сүннетке және Әһли сунна уал-жамаға ғалымдарының қайнарбұлақ кітаптарына сүйене отырып білім алу керектігіне кеңірек тоқталды.

 Кездесу соңында шәкірттер өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алып, медресеге арнайы ат басын бұра келген қонақтарға өз ризашылықтарын жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе