Қытай ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ортаазиялық жер сілкінісін болжау орталығы құрылысына қосылуға шақырады

АСТАНА. 11 Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерді Ортаазиялық жер сілкінісін болжау орталығы құрылысына қосылуға шақырады. Бұл туралы бүгін елордада өткен ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ғылым және техника салаларындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының 2-ші кеңесінде ҚХР ғылым және техника министрі Вань Ган айтты.

Оның атап өтуінше, Қытай Орта Азия елдерімен және Ресеймен арадағы тығыз ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында Ортаазиялық ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы құрылысын белсенді жүргізуде. «Ортаазиялық ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы ШЫҰ аясында көпжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты тиімді жылжыту мақсатында белсенді рөл атқаратындығына сенімдімін», - деді Вань Ган.

Қытай министрінің сөзіне қарағанда, орталық өңірде орын алатын жер сілкінісін алдын ала ескерту, сонымен қатар қоршаған ортаға мониторинг жасау мақсатында құрылуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе