Павлодарда ЭКСПО - 2017 көрмесіне еріктілерді даярлайтын орталық ашылды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ЭКСПО - 2017 көрмесіне еріктілерді даярлайтын орталық ашылды, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметінен. «Халықаралық көрме жұмысына қатысу энергетик, инженер, бағдарлаушы, экономист, сәулетші, құрылысшы, химик, агротехнолог, гуманитарлық мамандығын игеріп жатқан студенттер үшін маңызды, - деп атап өтті ПМУ ректоры Арын Орсариев. Орталықтың ашылу салтанатында «Әлеуметтік-волонтерлык орталық» жастар қоғамдық бірлестігі мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Құжат аясында 2017 жылға дейін еліміздегі маңызды шараға қатысатын 200-ден астам еріктіні дайындау жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе