Тараздық «Стивен Хокинг» мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетпек

Атақты Стивен Хокингтің тараздық ізбасары 14 жастағы Исаак Мустопуло мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Индиго» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, деп тілшісі.Ол бұл туралы ЭКСПО көрмесіндегі Швейцария павильонында өткен «Адамзат кітапханасы» іс-шарасы барысында айтты.

«Арнайы сыныптар ашу - бұл біздің стиль емес. Біз оқшаулана беретін болсақ, онда  жағдайды  одан әрі қиындататын боламыз. Егер қоғам мүгедек адамдар туралы пікірін өзгертетін болса, онда бізде дамыған басқа елдерден кем емес жүйе қалыптасады. Ең жақын досым мені өзімен тең дәрежеде көреді. Басқалар да сондай болғанын қалаймын... Мені Назарбаев университетінен басқа бірде-бір ЖОО оқуға қабылдамайтындығын жақсы білемін. Сондықтан да мен «Индиго» атты маңызды жобаны жасап жатырмын. Қазір жас педагогика мамандары арасында іріктеу жүргізілуде, кейін олар тьютор болып жұмыс жасайды», - деді Исаак Мустопуло.

Айта кетейік, тьютор (ағылшын сөзі тәлімгер - авт.) -  ерекше педагогикалық лауазым.

«Тьютор - ол педагогикалық білімі бар өзін-өзі оқытқан адамдар.  Бізде семинарлар, тренгигтер болады. Тьютор үйге келіп көмек көрсетпейді, ол балаға түсініксіз болған кезде ғана көмекке шақырылады. Сөйтіп ол балалардың өзін дамытып, қоғамға бейімделуіне атсалысады. Мен осы жобаның жүзеге асыруына бар күшімді саламын», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ дарынды тараздық Кембридж университетінің профессоры, ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен  күзде кездесетіндігі жайлы айтты.

Еске салсақ, сал ауруына шалдыққан Исаак Тараз қаласындағы №13 мектепте оқиды. Бірақ, сырқатына қарамастан ол 2015 жылы оқушылар арасындағы ұлттық инновациялар конкурсының арнайы сыйлығына ие болды. Содан бері Исаакты Қазақстанның түкпір-түкпірі, тіпті, шенеуніктер де танып, біле бастады. Сол кезде Инвестициялар және даму министрлігін басқарған Әсет Исекешев те Исаакпен танысып, онымен түскен суретін бүкіл әлеуметтік желіге таратқан болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе