«Елбасына тілек» байқауының үздік жұмыстары Ақордаға берілді

АСТАНА. 28 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне Астанада «Елбасына тілек» балалар шығармашылығының І қалалық байқауына арналған көрме ұйымдастырылған болатын.Ондағы үздік жұмыстар Ақордаға берілді.  Белгілі болғанындай, осы аптада олар енді  ресми  түрде Тұңғыш Президент мұражайына өткізіледі.  Бұл туралы  astana.kz сайтына Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Еске салайық,  байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдары: балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен  400-ден астам жұмыс қабылданды.  Байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әртүрлі техникада орындалды, яғни, тоқыма материалдарынан, ағаш және металдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен салынған картиналар, коллаж жұмыстары болды.

 Гран-приді Ратмира Клычёва («Пәк жүректен» жұмысы), Ирина Иванюкова («Киіз үй» коллажы), Ерасыл Тілектес («Тәуелсіздік монументі» жұмысы), Ақтоты Қойлыбаева («Шаңырақ» жұмысы) жеңіп алған болатын. .
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе