Б. Жұмағұлов Болон процесінің қатысушы мемлекеттерінің Білім және ғылым министрлерінің II-кездесуіне қатысты

АСТАНА. 25  ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 22-23 қараша аралығында Страсбургте  Еуропа кеңесінің демократия бойынша бас директораты ұйымдастырған Болон процесінің қатысушы мемлекеттерінің Білім және ғылым министрлерінің II-кездесуіне қатысты.Кездесуде еуропалық білім беру кеңістігінің 40-тан астам мемлекеттерінің министрлері, сондай-ақ демократия мәселелері бойынша бас директоры Снежана Самарджич-Маркович, Еуропа Кеңесінің жоғары білім бойынша сарапшылары болды, деп хабарлайды   БҒМ баспасөз қызметі.

Басқосу барысында Б.Жұмағұлов Қазақстандық ұлттық біліктілік жүйесімен таныстырды.

Қазіргі таңда Қазақстан Болон декларациясына енген жас мемлекет бола отырып, ұлттық біліктілік жүйесін қабылдаған 27 мемлекеттің қатарына енді.

Қазақстандық Ұлттық біліктілік жүйесі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген. Бұл білікті еңбек нарығындағы - білім беру жүйесінің, мамандардың, бизнестің өзара қарым-қатынастарын түбегейлі өзгертуі тиіс жүйелі әрі нақты қадам. Осы құжатты қабылдаған сәттен Қазақстанда мамандардың біліктілігін растау мен біліктілік берудің жаңа жүйесі қалыптасатын болады.

Сапар барысында қазақстандық білім беру ведомоствосының басшысы Еуропа мемлекеттерінің Білім және ғылым министрлерімен екіжақты кездесулер өткізіп, күн энергетикасы Орталығы мен Страсбург Университетін аралады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе