ҚР Президенті Назарбаев Университетінің түлектерін Астанада құрылатын қаржы орталығында қызмет етуге шақырды

Бүгін Назарбаев Университетінде алғашқы түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  осы оқу орнының түлектерін Астанадағы болашақ қаржы орталығында жұмыс істеуге шақырды.«Жолдың ар жақ бетінде ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимараттары салынып жатқанын көріп отырсыздар. Халықаралық көрме аяқталғаннан кейін бұл жерде дүниежүзілік қаржы орталығын салу туралы Жарлыққа қол қойдым. Ол әлемнің ең таңдаулы қаржы орталықтарының стандарты бойынша жұмыс істейтін болады. Іс-қағаздарының барлығы ағылшын тілінде болады, сот ісін жүргізу ағылшын тілінде болады. Ол орталық  отандық экономиканың ең басты локомотивінің біріне айналады. Университеттің жанында салдырып жатқанымның да бір мәні бар. Оның жұмысын жандандыруға осы университеттің түлектері өз үлесін қосады деп сенемін»,-деді Президент түлектерге қаратып айтқан сөзінде.

 Осы орайда Елбасы Назарбаев Университеті «ЭКСПО» көрмесіне және болашақ  қаржы орталығының іргелес болуы бекер емес екендігін атап өтті.

«Сендер әлемдік білім ордасында оқып, әлемдік қаржы орталығында еңбек ететін боласыңдар. Біз сендердің алаңсыз білім алып, қалаған кәсіптеріңнің шыңына жетулерің үшін барлық жағдайды жасадық. Бүкіл еңбегімізді, ерік-жігерімізді ұрпақтың болашағы үшін сарп етудеміз. Тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңге қарамай қолға алғанымыз- ол жастарға білім беру»,-деді Мемлекет басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе