Алматыда дін қызметкерлері діни біліктілік бойынша аттестациядан өтіп жатыр (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Алматы қаласының дін қызметкерлері имамдар форумында қабылданған төрт құжат бойынша аттестациядан өте бастады. Сараптау комиссиясының жұмысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өзі қатысты.Игі шара барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдардың білімін арттыруға аса мән беріп отырғандығын айтты.

«Ислам діні - ғылым-білім діні. Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Діни басқарма осы бағытта елімізде діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасын қабылдағанын жақсы білесіздер. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру жүйесін қалыптастыру көзделген. Аттестациялау жұмысының мақсаты - дін қызметкерлерінің діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Дін қызметкерлерін аттестациялау кезең-кезеңмен өтеді. Бірінші кезекте Алматы қаласының аудан мешіттерінің бас имамдары, екінші кезекте қала мешіттерінің наиб имамдары, азаншылары мен іс басқарушылары өтеді.

Қала имамдары «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сынақ тапсырады. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша және жазбаша жауап береді. Бұл шара дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне жан-жақты және әділ баға беру, сондай-ақ имамдардың білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр.

Айта кетелік, Алматы қаласы бойынша барлығы 150 дін қызметкері сынақтан өтеді. Емтихан екі күнге жалғасады. Сараптау комиссиясының жұмысына Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев және Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе