Қазақстанда атомдық энергетиканы дамытуды қолдаймын - ғалым Қ.Байғарин

АСТАНА. 16 Қазақстанда ядролық энергетиканы дамыту аса қажет.ҚР Үкіметі дайындап жатқан Қазақстанның энергетикасын дамыту бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірген «Назарбаев университеті» Энергетикалық зерттеулер орталығының директоры Қанат Байғарин осылай айтты.

«Қазақстан - ядролық тарихы бар мемлекет. Әрине, ол тарихтың экологиялық зардабы қатты болды. Бірақ бұл тәжірибенің оң жағы да бар ғой. Ақтауда жұмыс істеген атомдық реактор соның айқын дәлелі бола алады. Ол жерде бірде-бірде төтенше жағдай болған жоқ. Сондықтан Қазақстанда атомдық энергетиканы дамытуға болады. Ол, бір жағынан, ел экономикасын әртараптандыруға көмектессе, екінші жағынан, ядролық ғылымды дамытуға мүмкіндік береді. Мен атомдық энергетиканы дамыту аса қажет деп ойлаймын», - дейді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе