«Араб әліпбиін» үйрететін қосымша пайда болды

Қазіргі уақытта әлем бойынша араб тілінде сөйлейтіндердің саны 300 млн-ды құрап отырған көрінеді. Сондай-ақ, араб тілі БҰҰ-ның ресми және қолданыстағы тілдерінің бірі болып табылады. www.muslim.kz.Осыған орай, жақында «Араб әліпбиін» үйрететін қосымша шығарылғаны талай жанға көмегі тиері анық. Андроидтық қосымша арқылы 7 сабақтан соң араб жазуын үйреніп кетуге де болады көрінеді. Қосымшадағы бағдарламаның негізі ретінде Ахмадхади Максудидың «Муъаллим сәни» кітабы алынған.

Араб әліпбиін аз уақыт ішінде меңгеруге мүмкіндік беретін бұл кітапты ол 1892 жылы басып шығарған. Миллионнан астам тиражбен таратылған бұл кітап авторына кереметтей даңқ сыйлаған еді.

Оқыту әдістемесіне тұрақты түрде қайталау мен ойын үлгісі түрінде жаттау формалары енгізілген. Жазбаларды араб тілінің фонетикалық заңдылықтарын толық сақтаған кәсіби диктордың көмегі арқылы тыңдауға да болады. Қосымшаны қарап көрулеріңізге болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе