ҚР Қорғаныс министрлігі ЖОО-лар жанындағы әскери кафедрларға түсетін студенттерді психологиялық тестілеуден өткізуді көздеуде

АСТАНА. 17 ҚР Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға түсетін студенттерді психологиялық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр.Бұл туралы бүгін Астанадағы ғылыми-тәжірибелік конференция барысында аталған ведомствоның Әскери білім және ғылым департаменті «Халықаралық қатынастар» басқармасының бөлім бастығы Сансызбай Бағазин мәлім етті.

  «Студенттерді іріктеу ережесіндегі кемшілік  -ол бүгінде әскери кафедрада оқу үшін психологиялық тестінің өткізілмеуіне байланысты.  Атап айтқанда, мерзімді қызметтегі сарбаздардың өзі әскерге шақырылғанда аталған психологиялық тестіден өтеді. Сонымен қатар, кадет корпусындағы сержант оқуына және «Жас Ұланға» түскен кезде де кандидаттар аталған тестілеумен қамтылады. Ал әскери кафедралардағы болашақ запастағы офицерлер психологиялық тестіден өтпейді»,-деп тоқталды С. Байғазин.

 Оның пайымдауынша, енді аталған сынақ әскери кафедраларға іріктеу кезіндегі жаңа ережелерге енгізілуі мүмкін.Бұл құжат қазіргі кезде әзірлену үстінде.

 Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы жоғары оқу орындары жанындағы 24 әскери кафедраларда 10 мыңнан астам студент тәлім алуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе