Шанхайда «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығына орай футболдан халықаралық жарыс өтті

ШАНХАЙ. 28 Шанхайда Қазақстан Президентінің «Болашақ» стипендиясының 20 жылдығына орай шетелдік студенттер арасында футболдан халықаралық турнир өтті.ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының Азия мен Мұхит аймағы елдеріндегі өкілі Қайыржан Ермановтың айтуынша, Шанхайда ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының кубогы үшін футболдан чемпионат үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді және ол студенттік қоғам арасында игі дәстүрлі шараға айналды.

Тартыстың қорытындысы бойынша Шанхай шетел тілдері университетінің «SISU KZ» қазақстандық студенттер құрамасы жеңімпаз атанып, Кубокты иеленді. Тунцзи университетінде білім алатын қазақстандық жастар екінші орынды еншілесе, үштікті Қырғызстанның құрамасы түйіндеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе