Биыл бітіретін 2000-нан астам түлек «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қатысуға тілек білдірді

АСТАНА. Қарашаның 26/Димаш Сыздықов/ - Биыл бітіретін 2000-нан астам түлек «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қатысуға тілек білдірді. Бұл туралы бейсенбі күні осы акцияны жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан Студенттері альянсы басшысының бірінші орынбасары Тақан Ғиззатов айтты.Қазанның 21-інен қарашаның 7-сіне дейін Қазақстан Студенттері альянсы елдің жоғары оқу орындарында «Дипломмен - ауылға!» жобасын таныстырды, оған 3000-нан астам студент қатысты. Оның қорытындысы бойынша осы бағдарлдаманың өлшемдеріне сәйкес келетін мамандықтарда оқитын 2000-нан астам түлектердің арызы жианалды. «Оларға сауалнаманы толтырып, ат-жөнін, байланыс мәліметтерін, болашақ мамандығын, сондай-ақ қай аймаққа барғысы келетінін көрсету ұсынылды», - деп атап өтті Т.Ғиззатов.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аумақтар ісі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Михаил Трошихин Қазақстан Студенттері альянсына «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, осы студенттердің электрондық базасын қалыптастыру ұсынылды, бұл ауылдарға жұмысқа барғысы келетін жастарға қажеттілікке және бағдарламаны жүзеге асыружөнінде мониторингі жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, «Дипломмен - ауылға!» акциясын «Жас Отан» жастар қанатының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның ауыл жастары одағының, сондай-ақ Қазақстан Студенттері альянсының қолдауымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыруда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе