Биылдан бастап құжаттар қабылдау өңірлерде жүргізілетін болады - «Болашақ» ХБО президенті

АСТАНА. 3 Биылдан бастап «Болашақ» стипендиясының үміткерлері құжаттарын өңірлерде тапсыра алады.Бұл туралы бүгін журналистерге «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

Оның атап өткеніндей, барлық облыс орталықтары мен моноқалаларда көшпелі брифинг пен кең көлемді ақпараттық кампания жоспарлануда. Брифинг уақытында құжаттар қабылдау жүргізіледі. Бұл үміткерлердің конкурсқа қатысуын айтарлықтай жеңілдетпек.

«Биылдан бастап құжаттар қабылдау өңірлерде жүргізілетін болады. Бұның алдында қабылдау тек Алматы мен Астана қалаларында өткізіліп, талапкерлердің санын біршама шектеп келген еді. Көшпелі бригадалар арнайы кесте бойынша мамыр айынан бастап облыстық ЖОО-ның, мемлекеттік қызмет агенттігінің аймақтық комитеттері  мен облыс әкімдігінің базасында құжаттарды қабылдау талаптары мен ережелері бойынша кеңестер өткізеді. Дәл сол жерлерде кейін құжат қабылдау шаралары ұйымдастырылады», - дейді С. Нұрбек.   

Көшпелі бригадалар еліміздің барлық 27 моноқаласына сапар жасайды. Қазіргі уақытта аталған қалалардың басшыларымен және меморгандарымен келіссөздер жүруде. Сонымен қатар С. Нұрбектің айтуынша, 2013 жылдан бастап құжаттар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдануы мүмкін. Қазіргі уақытта тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша шаралар атқарылуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе