Қашықтан оқытуға байланысты жекеменшік мектептер төлем мөлшерін төмендете ме

– Қашықтан оқытуға байланысты жекеменшік мектептер төлем мөлшерін төмендете тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрді.

ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша жекеменшік мектептерде сабақ әлі де болса өтеді. «Қашықтан болса да ол сабақ өтеді. Мұғалімдерге жалақы төлеу керек. Сондықтан жалпы ең басты соманың көлемі көп азаймайды деп ойлаймын. Бірақ бұл мәселені екіжақты келісім арқылы шешуге болады. Оқушыларды қазір тамақтандыру жүргізілмейтін болса, мектеп басшыларымен келісіп, шешу керек деп санаймын», - деді Асхат Аймағамбетов. Бұл сұрақ бойынша елордадағы «Spectrum» халықаралық мектебіне хабарласып көрдік. «Оқушылардың ата-анасымен жасалатын келісімге сәйкес біздің мектепте оқу ақысы жылдың басында төленеді. Қазіргі таңда қашықтан оқыту жүйесіне өткенімізбен, төлем жағынан бізде ешқандай өзгеріс жоқ. «Spectrum» мектебінде 26 наурыздан бастап онлайн сабақ басталды. Біздің мектеп пен ата-аналар арасындағы келісімге тек оқу ақысы кіреді. Яғни оқу ақысының ішінде мектеп формасы, спорт киімдері мен сабақтар кіреді. Тамақтандыруға бөлек ақы жылдың басында алынады. Карантин кезеңінің созылатыны немесе созылмайтыны белгісіз болғаннан кейін ақыны қайтаруды немесе басқа да шешім шығару мәселесіне жауап бере алмай тұрмыз. Карантин уақыты біткеннен кейін керекті есептеу жүргізіліп, ата-аналарға белгілі бір соманы қайтару керек болса – қайтарамыз», - деді «Spectrum» халықаралық мектебінің академиялық оқу жағынан директоры Артур Болатбекұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе