Облыстық мұғалімдер олимпиадасына қатысушылар кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті - Павлодар

ПАВЛОДАР. 6 Павлодар облысында аяқталған мектеп мұғалімдері арасындағы VIII пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мерзімінен бұрын аттестация алу құқығына ие болды,деп хабарлады білім беру басқармасынан.

 Сайысқа үш қала мен 10 ауданнан келген 206 педагог түсті, қатысушылардың 80 пайызы - жас мұғалімдер.

 Жеңіске жетіп, жүлдегер атанған барлығы 68 қатысушы үш дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Топтар арасында 16 жүлделі орынға ие болған Павлодар қаласының мұғалімдері көшбасшы атанды. Дарынды балаларға арналған мектептерден келген ұстаздар 14 құрметті орын алды, Железин ауданындағы Жаңа Жұлдыз ауылының екі ұстазы үздік атанды.

 Сарапшылар жеңіскерлердің жоғары ғылыми-әдістемелік әлеуеті мен кәсібилігін ерекше атап өтті.

 Қазылар алқасының атап өтуінше, барлық қатысушылар кәсібиліктің жоғары деңгейі мен пәндердің теориялық және практикалық негіздерін терең білетіндерін көрсете білді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе