Астанада ТМД құрылысшыларының байқауы өтті

АСТАНА. 16 Бүгін Астанадағы Политехникалық колледждің базасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «Әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері» атты халықаралық шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.Аталмыш конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Орталық Азиядағы «Кнауф» білім беру жобалары департаменті ұйымдастырған болатын.

 Байқау барысында қатысушылар «Үздік теоретик», «Үздік жұмыс орны» мен «Қауіпсіздік техникасын сақтау», «Үздік шығармашылық жұмыс» аталымдары бойынша сынға түсті.

 Жалпы құрылысшылар арасындағы аталмыш білім жарысына ТМД елдерінен 11 команда келген.

 Орталық Азиядағы «Кнауф» білім беру жобалары департаментінің басшысы Сергей Адияновтың айтуынша, байқаудың басты мақсаты - жастар арасында құрылыс кәсіптерінің білікті кадрларын даярлау сапасын арттыру, заманауи тәсілдерді, әдістер мен құрылыстағы алдыңғы қатарлы технологияларды тарату және енгізу.

 «Жастардың қарым-қабілеті өте жоғары болды. Бірі екіншісінен біліктілігі жағынан оқ бойы алда тұрды деп айтуға келмейді. Барлық командалардың деңгейі шамалас. Байқаудың жалпы сапасы өте жоғары сатыда өтті», - дейді С. Адиянов.

 Кәсіби шеберлік байқауына қатысушылар құрылыс жұмыстары бойынша белгілі бір тапсырмаларды орындады. Олардың құрылыс материалдары мен құралдарын қолдануы, жұмыс тәсілінің тиімділігі бағаланды. Ең үздіктері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Кнауф» оқыту орталығының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 Бұрын құрылыс жұмыстары бойынша халықаралық кәсіби шеберлік байқаулары 2010 жылы Новокузнецкіде (Ресей), 2011 жылы Алматыда өткен болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе