Астана имамдары мектеп оқушыларына ҰБТ алдында бата берді

АСТАНА. 24 Астана қаласында «Нұр Астана» орталық мешітінің имамдары бірнеше жылғы дәстүрлерінен таймай, Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында мектеп бітіруші оқушыларға баталарын берді.«Бұл шараның маңызы зор. Себебі мұсылман баласы әрбір игі ісін «бисмилламен» бастауы сүннет. Ал, жастар болашағының қамы ең игі шара. Жастарға өмірлік бағыт-бағдар беру аға буынның міндеті. Мешіт имамдары рухани сала қызметкерлері ретінде мектеп түлектеріне білім алу, ұстазды құрметтеу, еліне пайдалы мамандық иесі атану, тілі мен ділін ардақ тұту сияқты отансүйгіншік пен имани тақырыптар төңірегінде ағалық насихаттарын айтты», - делінген мешіттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еліміздің басты мешітіне елордадағы  қазақ тілді 15 мектептен 50-ге жуық мұғалімнің жетекшілігімен 672 болашақ түлек келді. Сәрсенбінің сәтіндегі кездесу Құран оқумен басталды.

Тиләуаттан кейін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының Бас имамы Қалижан қажы Заңқоев оқушыларға «Білімді мыңды жығар...»  атты тақырыпта білім алудағы басты қағидаттар хақында айта келе: "Еліміздің болашағын тек білімді де, білікті мамандар құрады. Білім барда - даму мен өркендеу бар. Білімсіз кемел келешекті елестету мүмкін емес. Білім мен ғылымға ден қою арқылы біз еліміздің де, өзіміздің де болашағымызды жарқын да мәнді етеміз", - деп атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе