Қазақтың халық ретінде саяси сахнаға шығуы ерте заманнан бастау алады - Ғалымтай Төлепбергенов

Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбында  "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнының ұжымы алдында өңірдегі жоғары оқу орындарының тарихшылары дәріс оқыды. Облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен өткен шара барысында әлеуметтік ғылымдар магистрі, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының маманы Ғалымтай Төлепбергеновтің Қазақ хандығының құрылуы жөнінде дәрісі тыңдалды. Оның айтуынша, Қазақ руларының бірыңғай Қазақ одағына бірігуі, халық ретінде саяси сахнаға шығуы ерте заманнан бастау алады. "Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бұл біздің мемлекеттігіміздің, елдігіміздің түп-тамыры тереңде жатқанын әрі жарты мың жыл бұрын қалыптаса бастағанын білдіреді. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан - бір жарым ғасыр бойына үзіліп қалған елдігіміздің заңды, тарихи жалғасы.Сондықтан, осындай бақытты  сақтап, қорғау кез-келген қазақ баласының, әр қазақстандықтың қасиетті міндеті. Осындай дәрістер арқылы тыңдармандарға жалпы әлемдік жүйеде Қазақ елінің шығу тегі жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі", деді өз сөзінде Ғалымтай Төлепбергенов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе