Шымкент мектептері түлектерінің далалық-әскери жиындары басталды

ШЫМКЕНТ. 24 сәШымкенттік мектептердің түлектерінде далалық-әскери жиындар бастадып кетті.Дәстүр бойынша олар Ақтас полигонында өткізіледі. Жиынға Шымкент қаласындағы барлық мектептердің бітіруші сыныптарындағы 2 500-ден астам оқушы қатысады.

Жиын бағдарламасында - саптық дайындық, автоматты уақытында жинау, гранаталарды лақтыру, қазақстандық әскердің заманауи қаруларымен танысу, жарғы және тағы басқалар. Жаңа шақырылғандардың жауынгерлік рухын көтеру үшін үлкен жолдастары - ҚР ІІМ-нің 6506 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оқушылар үшін өз өнерлерін көрсетті.

«Далалық-әскери жиындардың мақсаты - біздің түлектерімізді алдағы әскери қызметке дайындау және оқыту. Біз балаларымыздың әскери өмірмен танысып, Отанды қорғауға дайын болғанын қалаймыз», - деді қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева.

Жиын 5 күнге созылады, 28 сәуірде ұйымдастырушылар мен қатысушылар оны қорытындылайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе