Алматыда «Шымбұлақ» мамандары оқушыларға тегін шаңғы тебу үйретеді

Алматыда «Шымбұлақ» мамандары оқушыларға тегін шаңғы тебу үйретеді, деп .«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 10-12 жас аралығындағы (5-7 сынып) 800 мектеп оқушысына арналған шаңғы тебу мектебіне тегін оқуға қабылдау басталды. Яғни, кез-келген оқушыға ТШК «Шымбұлақ» шаңғы және сноуборд мектебінің кәсіби мамандары тегін 4 сабақ беріледі.  

Жалпы сабақ беру уақыты - 3 200 сағат. Жұмыс күндері 2 ауысымның әрқайсысына 1 сағаттан бөлінбек. 1-ауысым - сағат 08:00-ден, ал 2-ауысым - сағат 14:00-ден басталады.

Әрбір қатысушы үшін ТШК «Шымбұлақ» және қала ортасына дейінгі трансфер, шаңғы тебуге арналған киім-жабдық және денсаулық сақтандыру полисі тегін болады.

Ата-аналардан бірқатар құжат (ата-ананың жазбаша рұқсаты, туу туралы куәліктің сканерленген көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, ата-ана құжатының көшірмесі, байланыс нөмірі) талап етіледі, оларды shymbulak@inbox.ru электронды поштаға жөнелту керек.

Жиналатын орын - А. Байтұрсынов көшесі бойымен Қ.Сәтбаев көшесінен төмен (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына қарама-қарсы).

Тіркелу 2018 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе