«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 92 мың бала балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болды - А.Сәрінжіпов

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында 92 мың  бала балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті. Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы жалпы сомасы 17,3 млрд. теңгені құрайтын 51 нысан салынуда. Аталған білім беру нысандарының 34-і - мектептер. Олардың 26-сы үш ауысымды мектептердің, ал 8-і апатты мектептердің орнына салынып жатыр. Қалған 17-сі - мектепке дейінгі мекемелер. «Бізде құрылыс барысына мониторинг жасайтын арнайы топ құрылған. Аймақтың білім беру департаменттерімен бірлесіп, құрылыс барысын қадағалайтын арнайы команда бар. Бүгінгі күні аталған нысандар құрылысы мерзімін біз шамамен 1-2 ай алда орындап келеміз. Осы қарқынды бәсеңдетпеу үшін біз қосымша, 1,2 млрд. теңге қаржы сұраған болатыныз. Біздің өтінішіміз қолдау тапты. Ағымдағы жылы құрылысқа біз біршама көп қаржы беретін боламыз», - деді ол. Министрдің сөзіне қарағанда, білім беру нысандарын жергілікті компаниялар отандық материалдар негізінде салып жатыр. Сондықтан да салаға бөлінген қаржының дағдарысқа қарсы тиімділігі анық байқалады. «Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бағыты - бұл мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс орналастыру. 92 мың орынға жоспарланған сома 12 млрд. 700 млн. теңге.  Атап өтерлігі, осы бағдарламаның арқасында 92 мың бала мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, балабақшаларға бару мүмкіндігіне ие болды.  Бүгінгі күні біз 12 млрд. теңгенің шамамен 9 млрд. теңгесін аудардық. Төртінші тоқсанға жоспарланған қалған 3 млрд. теңгені облыстарға аударамыз», - деді А.Сәрінжіпов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе