Мектепке жол: Ақтөбеде 16 мың оқушыны демеушілер мектепке дайындайды

– «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы оқушыларға көмек көсетіледі, деп тілшісі. Балаларды мектепке

дайындау басталды. Оларға демеушілердің көмегімен киім-кешек, оқу құралы сатып

алынады.

«Өткен жылы кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдар және меценаттардың көмегімен

22 мыңнан астам бала мектепке дайындалды. Оларға 206 миллион теңге көлемінде

қаржы жұмсалды. Ал биыл 15 күн ішінде 3 мыңнан астам бала қамтылды. Балалардың

қажеттілігіне 21 миллион теңге жұмсалды. Атап айтқанда 273 оқу құралы

толтырылған сөмке, 228 мектеп формасы, 198 спорттық костюм, 241 аяқ киім

алынды. 1 қыркүйекке дейін 16 387 мың баланың мектепке қажетті киімі,

құрал-жабдықтары алынады», - деді облыстық білім басқармасы басшысының

орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Ақтөбенің Шалқар, Темір, Мұғалжар, Хромтау, Қобда аудандары мен Ақтөбе

қаласында белсенділік жоғары.

«Казхром» ТҰҚ» АҚ, «СНПС

– Ақтөбемұнайгаз», «ҚазақОйлАқтөбе» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ»

АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Шаңырақ» қоғамдық қоры, «Nur

Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы да көмек берді.

«Әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармай жүрген балалар туралы ақпаратты

білген жағдайда Білім басқармасының 55 17 92 сенім телефонына хабарлауыңызды

сұраймыз.

Біз «Мектепке жол» акциясына облысымыздың барлық тұрғындарын белсенді қатысуға

шақырамыз. Бұл қайырымдылық іс-шараға қатысуға тілек білдіргендер жеткілікті

болады деген сенімдеміз», - деді Нұргүл Бертілеуова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе